Екібастұз ГРЭС—2 жастар активі Солнечный кентінің Жеңіс саябағының аумағында жыл сайынғы дәстүрлі шырша көшеттерін отырғызды.
Бұл бастама Жеңіс күніне орайластырылған.
Осы акцияға қосылған №28 ЖОББМ оқушылары да шетте қалмады. «Бұл акция ауыл тұрғындары жалғастыратын жақсы дәстүрге айналады деп үміттенеміз. Мұндай іс — шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді«,— деп атап өтті ГРЭС—2 жастар активінің мүшелері.