Байқаудың қалалық кезеңінде бас жүлдені Сейтжановтар отбасы жеңіп алды. Сейтжановтар жанұясы – Екібастұз ГРЭС-2 станциясындағы ең үлкен еңбек әулеті.
Отбасының әкесі Қабиден Омарғалиұлының энергетика саласындағы еңбек өтілі – 30 жыл. Мұнда турбиналық жабдықты машинист-қараушы болып бастаған ол агрегаттарды басқарудың блоктық жүйесінің машинисі дейінгі еңбек жолынан өтті. Ол – жоғары білікті маман, Энергетика министрлігінің, Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығының құрмет грамоталарымен және медальдармен марапатталған.
«Босағасы берік отбасылар – Қазақстан брендтерінің бірі. Біз бұл дәстүрді жалғастырып, онымен мақтан етеміз», – дейді Сейтжановтар.