Жөндеулерді және күрделі құрылысты жоспарлау, бақылау басқармасының күрделі құрылыс және ғимараттар мен құрылыстарды жөндеу тобының жетекші инженері

Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және І санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Жұмыс бағыты:

Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес өндірістік ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс конструкцияларын дұрыс пайдалануды ұйымдастыру;

Қоғам ғимараттары мен құрылыстарының жай-күйін бақылау;

құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуын бақылау (көлемі мен сапасының сәйкестігі үшін).

Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: RBayadilov@gres2.kz және 8 (7187) 227510 (ішкі.207) телефон арқылы хабарласу.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою