уақытша жұмыста жоқ жұмыскерді ауыстыру уақытына есеп бөлімінің материалдар, өзіндік құн және негізгі құралдары тобының 1– санатты бухгалтері (ДИ 0009-06/3)

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (экономикалық, қаржылық, бизнес және басқару) және 2-санатты бухгалтер лауазымындағы жұмыс  өтілі кемінде 2 жыл, не бухгалтер лауазымындағы өтілі кемінде 5 жыл.

Жұмыс бағыты: құжаттарды өңдеудің бірыңғай технологиясын қамтамасыз ету, салыстырмалы және дұрыс салық және қаржылық есептілікті жасау; ИСЭСФ -да электр энергиясын, жылу энергиясын және өзге де өткізуді өткізу бойынша шот-фактураларды жазып беру, орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) актілерін, өзге де өткізу бойынша қорларды босатуға арналған жүкқұжаттарды жазып беру және ресімдеу, “1С-Кәсіпорын ” бағдарламасына бухгалтерлік жолсілтемелерді енгізу; “1С-Кәсіпорын” бағдарламасына есепке алу учаскесі бойынша бастапқы құжаттаманы қабылдау, бақылау және енгізу,  есепке алу учаскелері бойынша бақылау.

Түйіндеме  мен  Диплом көшірмесі  “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күнінен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: SUrazaeva@gres2.kz және 8 (7187) 227510 (ішкі.358) телефоны  бойынша  хабарласу.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою