Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары экономикалық (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және 1-санатты экономист лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 4 жыл.
Жұмыс бағыты:
“Самұрық-Энерго”АҚ үшін Қоғамның өндірістік-шаруашылық қызметіне кешенді талдау дайындау; “Бизнес жоспарлар”витринасы бойынша SAP BPC 10.1 базасында Басқарушылық есептілік жүйесінде Қоғамның даму жоспарында көзделген жоспарлы және нақты деректерді жүргізу.
Түйіндеме мен Дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: DBalbyshkin@gres2.kz және 8 (7187) 227510 (ішкі.501) телефон арқылы хабарласу.