Біліктілікке қойылатын талаптар:
кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде бір жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, тиісті мамандық бойынша білімі болмаған кезде өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, міндетті түрде алдын ала медициналық куәландырудан өткен және медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша жұмысқа жарамды деп танылған.
Жұмыс бағыты:
профилактикалық және жөндеу жұмыстарын орындау есебінен жабдықтың сенімді және үнемді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында бағынысты персоналмен басшылық және әдістемелік жұмысты жүзеге асыру;
жаңа технологиялық процестерді әзірлеуге және қолданыстағы технологиялық процестерді жетілдіруге қатысу.
Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға электрондық мекенжайға жіберілсін: DMusanov@gres2.kz, және 8 (7187) 227510 (ішкі.373) телефон арқылы хабарласу.