Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (экономикалық, қаржылық) және 1-санатты экономист лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, не жабдықтау, сатып алу, экономика, қаржы саласындағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Жұмыс бағыты: қажетті негіздемелермен және есептеулермен материалдық ресурстарға өтінімдер жасау; жеткізушілермен шаруашылық байланыстарды қалыптастыру және кеңейту жөніндегі жұмысқа қатысу; жаңа, неғұрлым тиімді тауар нарықтарын игеру; нарық жағдаятын, бұйымдар ассортиментін, оларды сатып алу мүмкіндігін анықтау мақсатында нарыққа белгілі бір түрдегі жаңа тауарлар мен тауарлардың түсуін қадағалау; “Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен тауарлардың өзара саудасы туралы есеп”1-ТС нысаны бойынша есепті статистика басқармасына уақтылы ресімдеу және ұсыну.
Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: ZHSauranbek@gres2.kz “Samruk Qyzmet” бірыңғай онлайн рекрутинг платформасында (www.qsamruk.kz) және 8(7187) 227510 (ішкі. 367, 474) телефоны бойынша хабарласу.