12 тамыз – Халықаралық жастар күні

Екібастұз өнірінің әр саладағы үздік жастарын анықтау мақсатында және Халықаралық жастар күніне орай өткізілген «Үздік жастар» қалалық байқауына Екібастұз ГРЭС-2 станциясының жас қызметкерлері қатысып бас жүлдені ұтып алды.

«Үздік жас өндіріс қызметкері» номинациясы бойынша үздік атанған – Шильтыбаев Талғат, жылу автоматикасы және өлшеу цехының технологиялық процестерді ақпараттық қамтамасыз ету тобының 1 санатты инженер-бағдарламашысы және «Үздік шығармашыл жастар» номинациясы бойынша үздік атанған – Мухамеджанова Самал, өндірісті дайындау цехының инженер-технологы.

«Биыл қаламыздың әр саладағы 15 жасын марапаттадық. Соның ішінде жас өрт сөндірушіден бастап, жас өндіріс қызметкеріне дейін жастарды құрмет төріне шығардық. Бұндағы мақсат әр саладағы қаланың үздік жастарын халыққа көрсету, әр салада үздік жастың бар екенін дәлелдеу. Жастар бұл қоғамның қозғаушы күші дейміз, ал бұл марапаттағы жастар осы сөздің айқын көрінісі. Негізі 12 тамыз-Халықаралық жастар күні мерекесіне дайындық басталар алдында, осындай ой келіп, байқау жариялап, комиссия құрдық. Карантин уақытынан кейін бұл алғашқы дәл осы тектес байқау болғандықтан, 32 жастан өтінім келіп түсті, соның ішінен комиссия мүшелері 15 жас іріктеп алынды», – деді Жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры Құсан Еркін Аманкелдіұлы өз құттықтау сөзінде.

Шынымен де, жастар – ұлт үмітін арқа¬лаған ел ертеңі. Үміт пен сенімді ақтау сол буынның парызы. Сол себептен де жастар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде елі¬міз¬дің дамуы үшін жа¬уапты екені мәлім. Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялан-уы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты. Жастар қай заманда, қай елде болмасын, асқақ арман мен үміт, биік ар мен өр намыстың символы болған.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою