Екібастұз ГРЭС-2-де ағымдағы жылдың 8 маусымында цехтар мен бөлімдер әйелдерінің өкілдерімен кездесу өтті. Бұл кездесу Екібастұз ГРЭС-2 Әйелдер энергетикалық клубын құруға бағытталған, ол энергетикадағы әйелдер қауымдастығының KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының құрамына кіреді.
Әйелдер энергетикалық клубын құрудың мақсаттары мен міндеттері-энергетика саласындағы гендерлік саясатты дамыту үшін энергетика секторы өкілдерін біріктіру; әйелдердің рөлін күшейту және энергетика саласындағы әйелдер үшін мүмкіндіктерді кеңейту; саладағы әйелдер үлесін ұлғайту; жас мамандарға мансаптық өсуге көмектесу; диалог алаңын құру.
Барлық қарқынды дамып келе жатқан салалардағы әйелдердің рөлі айқындаушы болып табылады, сондай-ақ кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық, құқықтық салаларын, гендерлік саясатын және мәдени тұрақтылығын дамытуда маңыздылығын көрсетеді.
Әйелдер Энергетикалық Клубының мүшесі болғысы келетіндерді шақырамыз!