“Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ кәсіподақ комитеті В.И. Галченконы еске алуға арналған жыл сайынғы “Алтын балық” қысқы балық аулау байқауын өткізді.
– Жарысқа барлық әуесқой балықшылар, Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері және біздің зейнеткерлер қатысты. Қатысушылар арасында тәжірибелі балықшылар да, жаңадан бастаушылар да бар. Жарысқа қатысушылар жақсы демалды деп ойлаймын, өйткені, ең бастысы, ауланған балық санында емес, адамдар бұл күнді табиғатта, ашық ауада өткізіп, ескі таныстарымен кездесіп, әңгімелесті, — деп бөлісті ГРЭС-2 кәсіподақ комитетінің төрағасы Сәуле Галеева.
Бұл күні мұзда 40-тан астам қатысушы кездесті.
Әр түрлі номинациялар бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
“Ең жылдам бұрғылау”:
1-орын-Сансызбай Мұстафин (ХЦ);
2-орын-Игорь Кох (ЦЦР);
3-орын-Талғат Абраев (ЦЦР).
“Бірінші аулау”:
1-орын-Еран Сейтжанов (АТЦ);
2-орын-Дулат Ысқақов (ЦЦР);
3-орын-Аманжол Ескермес (ЦЦР).
“Ең үлкен балық” номинациясы бойынша ЦРР өкілі Талғат Ахаев, “ең кішкентай балық” номинациясы бойынша Дулат Ысқақов (ЦРР) жеңімпаз атанды.
“Ең үлкен аулау” – Дулат Ысқақов (ЦРР).
Жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды!