АҚ өндірістік – техникалық басқарманың жетекші инженері

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ өндірістік – техникалық басқарманың жетекші инженері – бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі  және I санатты техник лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Жұмыс бағыты: қызметтің негізгі (өндірістік) түрлеріне лицензиялар алуға құжаттарды дайындау және ресімдеу, олар бойынша есептер жасау, Қоғамның лицензияланатын қызмет түрлері бойынша жоғары тұрған ұйымдарды сараптамалық тексерулерге дайындауын ұйымдастыру; жаңа техника мен технологияларды, ақпараттық технологияларды игеруге бағытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын, ғылыми-техникалық әзірлемелерді жүргізу кезінде жұмысты ұйымдастыру, қажетті құжаттарды дайындау және жүргізу, пайдалану сипаттамаларын жақсартуды, экологиялық қауіпсіздікке сәйкес жабдықтар жұмысының сенімділігі мен үнемділігін арттыруды қамтамасыз ететін жабдықта қолданылатын технологиялық процестерді жетілдіру; КҚК-де  жабдықтардың жұмысқа дайындығы паспортын алу.

Түйіндеме “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға электрондық мекенжайға жіберілсін: KKadyrbekov@gres2.kz және 8(7187) 227510 (ішкі.460) телефоны  бойынша  хабарласу.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою