Тәуелсіздікке 30 жыл

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 30 жыл толып отыр.
Ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтап, намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!


Тәуелсіздікқұрдастары

Мы растем вместе с нашей страной – ровесник независимости Казахстана

30-ти летний патриот и энергетик Акмалжан Сиздыков – ровесник Независимости Республики Казахстан. Он уже седьмой год работает электрогазосварщиком на Экибастузской ГРЭС-2. Акмалжан рассказал о том, как рос вместе со страной и как стать востребованным специалистом.

?Акмалжан, Вы ровесник независимого Казахстана. Какие возможности сегодня открыты для развития молодых специалистов в нашей стране?

– Мы – молодое поколение казахстанцев растем вместе с нашей Республикой и развиваемся, как и государство. Что касается возможностей для реализации, которые есть сегодня в Казахстане – это жить и работать так, как этого хочу я. У меня есть право выбора, и это здорово – иметь возможность делать то, что делает тебя счастливым.

?Как Вы пришли в энергетику?

– 7 лет назад я устроился электрогазосварщиком в Цех централизованного ремонта (ЦЦР) станции Экибастузская ГРЭС-2. Начинал трудиться под руководством Владимира Фищука. В числе моих коллег были – Кашен Виктор, Болдарев Евгений, Головченко Геннадий. Тогда, в самом начале, всё было интересно, работали с азартом, помогали друг другу.
Сварщик – это не простая специальность. Он выполняет работы по газовой сварке деталей и конструкций, строго соблюдая технологические режимы сварки, нормы расхода материалов, правила технической эксплуатации оборудования и техники безопасности.
Я себя показал, как специалиста, который способен применять методы, направленные на предотвращение возникновения дефектов в области сварного шва, контролировать их уровни в процессе сварки. И в этом, на мой взгляд, суть работы сварщика близка к деятельности инженера. Хорошо выполненное сварное соединение не уступает по прочности основному металлу. От моей качественной работы сварщика зависит очень многое: надежность и долговечность оборудования станции. Нужно понимать, что это очень-таки ответственная работа. Ведь наше предприятие дает тысячи людям свет и тепло.

?Какие Ваши планы на будущее?

– В детстве я мечтал стать космонавтом, но сейчас я энергетик своей страны. Поэтому о планах на будущее я не люблю говорить, потому что я не загадываю, живу сегодняшним днем. Сейчас я полностью отдан работе и своей семье. Также мне нравится развивать свои профессиональные навыки для того, чтобы у меня был карьерный рост. В этом ГРЭС-2 всегда меня поддерживает и обучает чему-то новому.

?Что вы видите смыслом своей жизни?

– Самое главное в жизни – отдаваться своему делу на все 100%! Ну и конечно же, воспитать достойных детей, позаботиться о своих родителях, своей семье. И это самое главное, чего можно достичь в жизни. Для меня важно также и уважение к моим коллегам, к окружению вообще, в принципе.

?На ваш взгляд почему важно говорить о патриотизме сегодняшней молодежи?

– Патриотами не рождаются, ими становятся. Любить, уважать и ценить свою страну – это большая честь для любого человека. Поэтому патриотическое воспитание молодежи – это часть государства. Уровень патриотизма молодого поколения растет с каждым годомо!

?Как вы отмечаете День независимости?

– В этот особый праздник в первую очередь поздравляю всех родных и близких. Отмечать также День Независимости мне помогают социальные сети, где я публикую разные поздравления и интервью известных людей.

?Что вы хотели бы пожелать в честь Дня независимости коллегам и казахстанцам?

-Желаю всем всего самого наилучшего, процветания нашей страней и конечно же мирного неба над головой. Тәуелсіз еліміз – Қазақстан өркендей берсін.

?Спасибо за интервью!


Тәуелсіздікқұрдастары

Құсайынов Тиыштықбай – гидротехникалық құрылымдар және жер асты коммуникациялар цехының экскаватор-тиегіш машинисі. Жас энергетикті Тәуелсіздіктің құрдасы болудың қандай екенін сұрап, әңгімеге тартқан едік.

?Тәуелсіздік күні құтты болсын! Сіз бұл мерекені қалай түсініп, қабылдайсыз?

– Менің дәл қазір, дәл осы жерде сізбен жарқын жүзбен, ешбір қайғы-мұңсыз сұхбаттасып отырғаным – тәуелсіздіктің арқасы. Әйтпесе, ғасырлар бойы қазақтың көзінен жас құрғап па еді, көңілі марқайып па еді?! Демек, тірегіміз – Тәуелсіздік  болғандықтан, бұл күн 365 күннің ең ардақтысы. Әрине, жаныма ең жақын мереке ретінде қабылдаймын.

?Тәуелсіздік сіздің буынға не берді?

– Қазіргі жастар шын патриот. Мұның өзі тәуелсіздіктің жемісі. Отанын сүйген жастар үнемі елін-жерін көркейту үшін білім іздеп, жаңалыққа ұмтылады. Ал біздің елде ондай жастарға зор мүмкіндіктер берілген. Оқимын, тоқимын, еңбек етіп, еліме қызмет қыламын деген жастың жолына бөгет жоқ. Мұнан артық не керек? Жастарға сеніңіздер, болашақ жастардың қолында.

?Тәуелсіздік мерекесін қалай атап өтесіз?

– Ең алдымен туыс-туған, жора-жолдастарымды ешбірін қалдырмай түгендеп, құттықтап шығамын. Үйде арнайы мерекелік дастархан жаятынымыз айтпаса да түсінікті. Достарымыз, туыстарымыз құттықтап келеді. Және жыл сайын біз жолдастарымызбен Тәуелсіздік күніне орай воллейболдан достық жарыс өткіземіз. Әр жылы жағдайларға байланысты әр түрлі атап өтеміз.

?Энергетика саласын неге таңдадыңыз?

– Бала күнімнен техникаға құмармын. Бірақ, қызық болғанда алғашында полиция қызметкері болдым. Онда көп жүре алмадым. Жүрек қалауым энергетика, техника саласы екені түсіндім. Бір шешім  қабылдап Екібастұз ГРЭС-2-ге 2019 жылы қараша айында экскаватор-тиегіш машинисі болып жұмысқа кірдім. Өз басым энергетика саласынан өзім үшін өте үлкен мүмкіндіктерді көремін. Әріптестерім – Балтабаев Рауан, Құдабаев Айдын, Саткеев Бейсенбек, Мақтаев Сағидоллаға үлкен алғысымды білдіремін. Алғашқы күннен бастап маған қолдаушы болып, бағыт-бағдар беріп келеді. Қазіргі жұмысым – жерасты құбырларын жөндеп қалпына келтіретін әріптестеріме экскаватормен техникалық қолдау көрсету. Станция өз қызметкерлеріне әрдайым лайықты жағдай жасап отырады екен. Маған ол да өте ұнайды. ГРЭС-2 станциясын тандағаныма еш өкінбеймін!

?Алға қойған мақсаттарыңыз бар шығар?

– Әрине. Қазір жастар техникаға аса қызықпайтын болып жүр. Шын мәнінде бұл сала әлемде қарыштап дамып жатыр. Өзіміз өндіре алмасақ та, жұрт өндірген супер техникаларды ешбір қиындықсыз меңгеріп, игеріп, пайдалана алатын жастар өсуі керек. Солар ертең жаңалық ашатын болады. Арманым – сондай жастардың өсіп шығуына ықпал ету.

?Мерекелік тілегіңізді тыңдайық…

– Тәуелсіздіктің туы жығылмасын. Әрқашан биікте желбірей берсін. Ауырмаңыздар, еңбекте биік белестерден көріне берініздер. Әлемге аты шығып, еліміздің ең озық энергия өндіру кешені болған біздің ұжым дами берсін. Тәуелсіздіктің қадіріне жетіп, ел үшін қызмет етейік.

?Әңгімеңізге рахмет!


Екібастұз ГРЭС-2 №-2 блогында жөндеу жұмыстары толығымен бітіп, нысанды кешенді сынақтан өткізу сәтті аяқталды

Қазіргі уақытта Қазақстандағы ең ірі жылу электр станциясының бірі болып табылатын нысан 2 блоктық режимде жұмыс істейді. Екібастұз ГРЭС-2 нысанының белгіленген қуаты 1000 МВт және қолда бар қуаты 974 МВт жағдайында тәулік сайынғы орташа жүктемесі 900 МВт құрап отыр.
Станция электр энергиясын өндіру көлемі бойынша жылдық жоспарын орындады. 02.12.2021ж. жағдай бойынша жоспарланған көлем 5,818 млрд. кВтсағ болса, ГРЭС-2 5,866 млрд. кВтсағ өндірді. Өндірістің болжамды көлемі жыл қорытындысы бойынша 6,4 млрд. кВт. сағ. артық мөлшерде болуы мүмкін.


Құрметті достар! Сіздерді келе жатқан мемлекеттік мерекелермен шын жүректен құттықтаймыз!

“Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай құттықтау челленджін жариялайды.

 

Құттықтау эстафетасын Екібастұз 1-МАЭС-ке жолдаймыз.

 

Біздің барлық бастамаларымыз нәтижелі, ал болашағымыз жарқын болсын!


Конкурс «Үздік маман»

Құрметті достар!
Қуанышты хабар!

Жылу автоматикасы және өлшеу цехының шебері – Сейтжанов Темірлан “Үздік маман” байқауының финалисті, “Самұрық-Энерго” АҚ-ның үздік қызметкері болып сайланды.

Байқаудың соңғы кезені – финалистер туралы бейнероликтерге онлайн дауыс беру басталуын хабарлаймыз.

Онлайн дауыс беру http://uzdikmaman.sknews.kz/ сайтында, ағымдағы жылдың 29 қарашасынан 07 желтоқсанға дейінгі кезеңде өтеді.

Онлайн дауыс беру нәтижелері бойынша “Самұрық-Қазына” АҚ-ның 5 үздік қызметкері айқындалады.

Қоғамның корпоративтік рухын көтеру үшін әріптесіміз Сейтжанов Темірланға дауыс беріп, қолдауға шақырамыз.

Дауыс беру үшін профиль тақырыбында көрсетілген сілтемеге басып, байқау сайтына өте аласыздар.

Сейтжанов Темірланды өз дауысымызбен қолдайық!

Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру ағымдағы жылдың 07 желтоқсанына дейін жалғасады.

Ынтымақтастық үшін баршаңызға алғыс айтамыз! Баршаңызға сәттілік тілейміз!

Сейтжанов Темірлан:
– «Мен таңдаған мамандығым үшін ешқашан өкінген емеспін, ГРЭС-2 менің туған үйімдей болып кетті. Мұнда өзімді жайлы сезінемін: таңертең жұмысқа рахаттанып барамын, ал кешке жұмыс күнінің қалай тез өткеніне таң қаламын. Сүйікті іспен айналысу – үлкен бақыт. Қазіргі уақытта менің бір нәрсені түсінгенім, сол кездегі энергетика саласын құрған Кеңес одағының энергетиктерінің тұтас бір буыны кетіп бара жатқанын және тәуелсіз Қазақстанның энергетикасын дамытуда өз үлесімді қосатын уақыт келгенін түсінемін. Екібастұз ГРЭС-2-нің болашағы – үшінші және төртінші энергоблоктарды орнату. Мұнда мен тәжірибелі басшы ретінде өз үлесімді қосуға дайынмын»


ЭГРЭС-2-де энергетиктердің еңбек жағдайлары талқыланды

Екібастұз ГРЭС-2 өндірістік персоналы “Самұрық-Энерго” АҚ басшылығымен (акционер) және әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығының өкілдерімен кездесті. Іс-шара 22 қарашада өтті, онда электр станциясы қызметкерлерінің еңбекақысы мен еңбек жағдайлары, оның ішінде 2022 жылы ЕТЖ-нің алдағы көтерілуі мәселелері талқыланды.

“Жұмыскерлерді әлеуметтік қолдауды және еңбек заңнамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету үшін Екібастұз ГРЭС-2-де Ұжымдық шарт қолданылады. Құжат әлеуметтік, еңбек және соған байланысты экономикалық қатынастарды реттеудің тиімді тетігін құруға ықпал етеді”, – деп атап өтті кездесуде Басқарма төрағасының өндіріс және қызмет көрсету жөніндегі орынбасары Ғалымбек Ауталипов.

Жиналыс барысында ЭГРЭС-2 ұжымы көтерген лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету жөніндегі ең өзекті мәселелер мен тілектер қаралды. Акционерлер тұрақты негізде қызметкерлердің әл – ауқатын арттыру және еңбек жағдайларын жақсарту мәселелеріне ерекше назар аударады, өйткені кәсіпорындардың басты құндылығы-оның қызметкерлері.

Айта кетейік, әлеуметтік өзара іс – қимыл және коммуникация орталығы міндеттерінің бірі – “Самұрық-Қазына” компаниялар тобының кәсіпорындарындағы әлеуметтік тұрақтылық индексін анықтау.


Екібастұз ГРЭС-2 мен “Торайғыров университеті” кадрлар даярлауда ынтымақтасатын болады

Мемлекет басшысының 20.09.2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Павлодар қаласының “Торайғыров университеті” өкілдері және “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ 2021 жылғы 17 қарашада Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
Атап айтқанда, тараптар оқытатын ашық лекциялар мен мастер-кластарға қатысатын, бірлескен ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізетін, мамандар даярлауда ынтымақтасатын, кәсіпорында студенттер үшін тағылымдамалар мен практиканы ұйымдастыратын болады.
“Бүгінгі таңда станцияда көптеген сұрақтар туындауда, ал оларды шешу үшін университет қызметкерлерінің қатысуы бірлескен ынтымақтастыққа серпін береді және Қазақстан Республикасының энергетика саласына үлгі болады. Біздің еліміз көміртек ізін кезең-кезеңімен төмендете отырып, өндірістің жаңа жаһандық деңгейіне шығуда, бұл жоғары оқу орындарының алдына жаңа мамандықтарды дамыту мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерінің орасан зор қорын ашады. Әрине, қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жоғары оқу орындары мен өндіріс бірге қозғалуы тиіс”, – деп ынтымақтастық туралы келісімге “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Басқарма Төрағасы Дәурен Сағидолла түсінік берді.
Екібастұз ГРЭС-2 және “Торайғыров университеті” келісімдерінде ынтымақтастықтың 15 бағыты айқындалды. Айта кету керек, ғылымды өндіріске интеграциялау энергетика саласы мен өнеркәсіп үшін әрқашан өзекті мәселе болып табылады.


ҚР Энергетика министрі Екібастұз ГРЭС-2 станциясында болды

ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-дағы №3 энергоблогының құрылысы бойынша жұмыс барысымен танысты. Бұл жобаны қайта бастау туралы шешім 2020 жылы қабылданды. Жаңа энергоблоктың жоспарланған қуаты 636 МВт құрайды. Құрылыс алаңына 11 мың тоннадан астам жабдық жеткізілді, қазіргі уақытта ЖСҚ-ға түзету жүргізілуде.

Осы ауқымды жобаны іске асыру және кәсіпорын жұмысы туралы министрді “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Басқарма Төрағасы Дәурен Сағидолла өз баяндамасында таныстырды. Бүгінгі таңда кәсіпорында жұмыс істеп тұрған екі энергоблоктың біреуінде жоспарлы жөндеу аяқталуда, оны іске қосқаннан кейін елдің энергия жүйесі 500 МВт қосымша қуат алады.

ҚР Энергетика министрі Екібастұз ГРЭС-2 станциясына 2021 жылғы 11 қарашада Павлодар облысына жұмыс сапары барысында келді. Еліміздің электр энергетикасы саласының өзекті мәселелері министрлік, жергілікті атқарушы органдар мен энергетиктер өкілдерінің қатысуымен өткен арнайы кеңесте қаралды. Атап айтқанда, генерациялайтын жабдықты жоспардан тыс ажырату тәуекелдері және электр станцияларының жөндеу кампанияларын сапалы орындау, Батыс Қазақстанның қалалары мен аудандарының елдің бірыңғай энергия жүйесіне қосылуы бойынша 2035 жылға дейінгі ҚР энергетикалық теңгерімін әзірлеу сияқты тақырыптар талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша министр Мағзұм Мырзағалеиев Екібастұз ГРЭС-1, Екібастұз ГРЭС-2 және Ақсу ГРЭС басшылығына жабдықтарды жөндеу жұмыстарын 10 күн ішінде аяқтап, энергия блоктарын іске қосуды тапсырды. Осылайша, елдің энергия жүйесі тағы да 1150 МВт электр энергиясына ұлғаяды.

Айта кетейік, Павлодар облысында Қазақстандағы электр энергиясының 40% – дан астамы өндіріледі.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою