Басқарма төрағасының жалпы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары кәсіптік білім (экономикалық, техникалық, гуманитарлық).

Лауазымның тиісті функционалдық және/немесе салалық бағыттары бойынша (әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету, материалдық қорларды басқару, үй-жайларды пайдалану, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және т.б.) кемінде 10 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі.

Басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;

Әкімшілік-шаруашылық, құжаттамалық қамтамасыз етуді басқару тәжірибесі;

Ақпаратты ашу, компанияның беделі мен имиджін басқару, компанияның ақпараттық саясатын іске асыру тәжірибесі;

Қоғамның мүдделерін ілгерілету және қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де құрылымдармен өзара іс-қимыл тәжірибесі;

ҚР заңнамасын және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы өзге де нормативтік-құқықтық актілерді және санитарлық-гигиеналық нормаларды білу;

Келіссөздер жүргізу дағдылары және коммуникациялық дағдылар, шешім қабылдау және жауапкершілікті өз мойнына алу;

Командада жұмыс істеу дағдылары, көпшілік алдында сөйлеу, консенсус табу және сындарлы диалог жүргізу, ынтымақтастыққа ашықтық, көшбасшылық;

Өзін-өзі дамыту, трансформациялау, өзгерту қабілеті;

Кәсіби шеберлік.

Жұмыс бағыты:

шаруашылық қызметтердің жұмысын жоспарлау, басқару және бақылау процестеріне басшылық жасау, бизнес-процестердің тиімді жұмыс істеуі және Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін Қоғамның немесе бөлімшелердің әкімшілік-шаруашылық міндеттерін шешуді қамтамасыз ету. Әлеуметтік даму жоспарларын, жұмыстың эргономикалық, санитарлық-гигиеналық жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және іске асыруды қамтамасыз ету, абаттандыру, шаруашылық және медициналық қызмет көрсету жөніндегі жұмысқа басшылықты жүзеге асырады.

Түйіндеме “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға электрондық мекенжайға жіберілсін: GAtymtaeva@gres2.kz  және  8 (7187) 227510 (ішкі.337) телефон арқылы хабарласу.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою