Екібастұз ГРЭС-2 №-2 блогында жөндеу жұмыстары толығымен бітіп, нысанды кешенді сынақтан өткізу сәтті аяқталды

Қазіргі уақытта Қазақстандағы ең ірі жылу электр станциясының бірі болып табылатын нысан 2 блоктық режимде жұмыс істейді. Екібастұз ГРЭС-2 нысанының белгіленген қуаты 1000 МВт және қолда бар қуаты 974 МВт жағдайында тәулік сайынғы орташа жүктемесі 900 МВт құрап отыр.
Станция электр энергиясын өндіру көлемі бойынша жылдық жоспарын орындады. 02.12.2021ж. жағдай бойынша жоспарланған көлем 5,818 млрд. кВтсағ болса, ГРЭС-2 5,866 млрд. кВтсағ өндірді. Өндірістің болжамды көлемі жыл қорытындысы бойынша 6,4 млрд. кВт. сағ. артық мөлшерде болуы мүмкін.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою