“Jas otbasy“ облыстық байқауы Павлодар жастар бастамалары орталығында 14 отбасын жинады.
Бұл іс-шара әкелер күніне орайластырылған.
Регламент бойынша жас отбасылар конкурстың 2 кезеңінен өтті: Визит карточкасы және шығармашылық нөмірлер.
Байқау қорытындысы бойынша Мұхамеджановтар отбасы жүлделі 3 орынға ие болды.
Қазақстанда маусымның үшінші жексенбісінде атап өтілетін Әкелер күні отбасы институтының не екенін көрсетуге, жастарды отбасылық құндылықтарды құрметтеуге үйретуге арналған.