Екібастұз ГРЭС-2 станциясына жұмыс сапарымен “Самұрық-Энерго” АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов келді.
Жұмыс сапары барысында “Самұрық-Энерго” АҚ басшысы станцияның жұмысымен, оның ішінде блоктық басқару қалқанымен және алдағы жылыту кезеңіне дайындықпен байланысты жұмыстармен танысты. Сондай-ақ, үшінші энергоблок жобасын іске асыруға арналған құрылыс алаңына барып, жоба шеңберінде келіп түскен жабдықты сақтау шарттарымен танысты.
Станцияның қызметі туралы баяндамада “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Басқарма төрағасы Жандос Медеуов «Үшінші энергоблогын орнатуды көздейтін Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта құру” жобасының іске асырылу барысы туралы хабарлады.