Екібастұз ГРЭС-2 мен “Торайғыров университеті” кадрлар даярлауда ынтымақтасатын болады

Мемлекет басшысының 20.09.2020 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын іске асыру мақсатында Павлодар қаласының “Торайғыров университеті” өкілдері және “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ 2021 жылғы 17 қарашада Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасасты.
Атап айтқанда, тараптар оқытатын ашық лекциялар мен мастер-кластарға қатысатын, бірлескен ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізетін, мамандар даярлауда ынтымақтасатын, кәсіпорында студенттер үшін тағылымдамалар мен практиканы ұйымдастыратын болады.
“Бүгінгі таңда станцияда көптеген сұрақтар туындауда, ал оларды шешу үшін университет қызметкерлерінің қатысуы бірлескен ынтымақтастыққа серпін береді және Қазақстан Республикасының энергетика саласына үлгі болады. Біздің еліміз көміртек ізін кезең-кезеңімен төмендете отырып, өндірістің жаңа жаһандық деңгейіне шығуда, бұл жоғары оқу орындарының алдына жаңа мамандықтарды дамыту мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндіктерінің орасан зор қорын ашады. Әрине, қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін жоғары оқу орындары мен өндіріс бірге қозғалуы тиіс”, – деп ынтымақтастық туралы келісімге “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Басқарма Төрағасы Дәурен Сағидолла түсінік берді.
Екібастұз ГРЭС-2 және “Торайғыров университеті” келісімдерінде ынтымақтастықтың 15 бағыты айқындалды. Айта кету керек, ғылымды өндіріске интеграциялау энергетика саласы мен өнеркәсіп үшін әрқашан өзекті мәселе болып табылады.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою