ГРЭС-2 қызметкерлері өз еріктерімен су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек ретінде қаржы жинауға шешім қабылдады. Жиналған қаражатқа 41 электр генераторы сатып алынды.
Сондай-ақ станция жұмыскерлері Солнечный кентінің тұрғындарымен бірлесе қаржы жинап, Атырау, Орал және Атбасарға гуманитарлық көмек жөнелтті. Сонымен қатар, гуманитарлық көмек қабылдау пунктін ұйымдастырып, Екібастұздық Lider.kz тобының еріктілерімен бірлесе отырып, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге ең қажетті заттардан тұратын жинақтарды жіберді.