Бүгін «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ның бастауыш партия ұйымында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу өтті.
Іс-шараға «AMANAT» партиясы Екібастұз қалалық филиалының атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Мариям Мәлікова, ішкі саясат бөлімінің басшысы Рауан Жантелеев, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысының орынбасары Ерлан Ақылтаев, партия белсенділері мен бастауыш ұйым мүшелері қатысты.
Кездесу барысында Жолдауда айтылған негізгі бағыттар – цифрлық технологияларды дамыту, әлеуметтік әділеттілік, бизнесті қолдау және өңірлерді нығайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, бұл бастамаларды халыққа жеткізуде және жүзеге асыруда партия ұйымдарының рөліне ерекше назар аударылды.