Екібастұз ГРЭС-2 станциясы қызметкерлері экологиялық сананы арттыруға бағытталған кең ауқымды бастама — «Таза Қазақстан» республикалық акциясына қатысты. Іс-шара Екібастұз қаласында өтіп, оны экологиялық жағдайды жақсарту және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ ұйымдастырды.
Акция барысында станция энергетиктері энергетикалық холдингтің басқа да кәсіпорындарының қызметкерлерімен бірге қала аумағында ағаш көшеттерін отырғызды. Мұндай экологиялық бастамаларға қатысу станция ұжымының жақсы дәстүріне айналған, себебі экология мен табиғатты аялау — компанияның корпоративтік мәдениетінің маңызды бөлігі.
«Әр адамның экологияны қорғауға қосқан үлесі маңызды екенін біз жақсы түсінеміз. Мұндай акциялар адамдарды біріктіріп, экологиялық сананы қалыптастырады және қаламызды көгеріп, көркейтуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті қатысушылар.
ГРЭС-2 қызметкерлерінің белсенді қатысуы олардың азаматтық жауапкершілігі мен баршаға таза әрі жайлы болашақ құруға деген ұмтылысының айғағы болды.