Екібастұз ГРЭС-2 станциясы мамандары Екібастұз қаласының КТҮ алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізуде

Екібастұз ГРЭС-2 станциясы мамандары Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасарының тапсырмасы бойынша Екібастұз қаласының көппәтерлі тұрғын үйлерінің алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын жүргізуде.
ГРЭС-2-ге кондоминиум объектісінің басқару органы жоқ 35 КТҮ бекітілген. Күн сайын жылу тораптарын сығымдау, су жылытқыштарын сынау және тазалау, ішкі жүйені жуу жұмыстары жүргізіледі.
Барлық жұмыстар белгіленген мерзімде жүргізілуде және станция басшылығының жедел бақылауында.
Энергетиктер әр тұтынушы жылуды қабылдау үшін үйін дайындауға жауапкершілікпен қарауды талап етеді.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою