Екібастұз ГРЭС-2 станциясы қызметкері 2023 жылғы самбодан әлем Чемпионы атанды

Орал қаласында самбодан шеберлер мен ардагерлер арасында әлем чемпионаты өтті. Үш күн ішінде әлемнің 18 елінен келген 540 балуан 6 салмақ дәрежесінде бақ сынады.

Дәурен Мұқышев, “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ автошаруашылығының жүргізушісі 98 келі салмақ дәрежесінде шеберлер арасында әлем Чемпионы атанды.

Әріптесімізді жарқын және лайықты жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою