Ел тұрғындарын көмірмен жылытып, экономикаға айрықша үлес қосып отырған шахтерлар еңбегі айрықша маңызға ие. Ал, жыл сайын дәстүрге айналған шахтерлар күні мерекесінің де маңызы бөлек. Көмірдің отаны Екібастұз қаласында атаулы күн айрықша тойланады.
Екібастұз ГРЭС-2 станциясы қызметкерлері Екібастұз көмірін алғаш ашқан Қосым Пішенбаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын кою рәсіміне қатысты. Сонымен қатар іс-шараға мемлекеттік қызметкерлер, қоғам қайраткерлері, қаланың қадірлі ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.
Аты аңызға айналған әйгілі кентанушы Қосым Пішенбаевтың есімін бүгінде отандық геология саласы аса қастер тұтады.
Мерекені тойлау Екібастұз қаласында гала концертпен жалғасады.