Екібастұз ГРЭС-2 станциясына жұмыс сапары аясында “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Директорлар кеңесі мен “Самұрық-Энерго”АҚ өкілдері келді.

Екібастұз ГРЭС-2 станциясына жұмыс сапары аясында “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Директорлар кеңесі мен “Самұрық-Энерго”АҚ өкілдері келді.

Кездесу барысында Директорлар кеңесі, Владислав Ерханович Байгужиннің төрағалығымен станцияның жұмысымен, оның ішінде блоктық басқару қалқанымен және емдеу-профилактикалық қызметімен танысты. Айта кету керек, станцияның емдеу-профилактикалық қызметі заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған және кәсіпорын аумағында ұйымдастырылған аймақтағы ең жақсы қызметтердің бірі болып табылады. Сондай-ақ, делегация үшінші энергоблок жобасын іске асыруға арналған құрылыс алаңына барып, жоба шеңберінде келіп түскен жабдықтарды сақтау шарттарымен танысты.

Станцияның қызметі туралы баяндамада “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Басқарма төрағасы Геннадий Клец үшінші энергоблогын орнатуды көздейтін “Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және қайта құру” жобасының іске асырылу барысы туралы хабарлады.

Бұдан басқа, кадрлық әлеуетті пайдалану тиімділігін және сабақтастықты жоспарлау практикасын арттыру мақсатында Директорлар кеңесінің Екібастұз ГРЭС-2 кадр резерві қатарындағы қызметкерлермен кездесуі өткізілді.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою