Есепті кезеңдегі станцияның қызметі туралы “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Басқарма төрағасы Геннадий Клец негізгі баяндама жасады. Алдағы жылыту маусымына дайындық барысы туралы Басқарма төрағасының өндіріс және қызмет көрсету жөніндегі орынбасары Арыстанбек Шарыпов бөлісті. Өз кезегінде Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Абылай Мұқажанов қаржылық баяндама жасады.
Кеңесті қорытындылай келе, “Самұрық-Энерго” АҚ Басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов акционерлер белгілеген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша жұмысты жандандыру қажеттігін атап өтті. “Самұрық-Энерго” басшысы үшінші энергия блогын орнатуды көздейтін “Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және реконструкциялау” жобасын іске асыруға ерекше назар аударды. Сондай-ақ, Қайрат Мақсұтов кәсіпорында энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты бірқатар маңызды тапсырмалар берді.