Екібастұз ГРЭС-2 станциясында Солнечный кенті тұрғындарына, станция қызметкерлері мен ардагерлеріне айт шайы берілді

Ораза айт Рамазан айы аяқталғаннан кейін басталатын берекелі мейрам және бүкіл мұсылман қауымы үшін қасиетті күн.

Ораза айт күні мұсылмандар қол алысып, төс қағысып, бір-бірін айт мерекесімен құттықтайды, жақсы тілектерін айтады. Ренжісіп қалған ағайын-туыс, жора-жолдас бір-бірінен кешірім сұрап жарасады. Ал әйелдер қауымы үйде қазан асып, дастарқан жайып, айттық шай әзірлейді. Көрші-қолаң бір-бірінің үйіне кіріп дәм ауыз тиеді, шаңырақ иесіне аман-саулық тілеп, айтпен құттықтайды.

Рамазан айының оразасын ұстаған жамағат бұл ай бойы рухани байып, бір-біріне деген ізгілікті арттырды.

Енді міне, айттын алғашқы күні Екібастұз ГРЭС-2 станциясында Солнечный кенті тұрғындарына, станция қызметкерлері мен ардагерлеріне айт шайы берілді.

Жалпы сауапты іс атқарып, рухани жиын ұйымдастырылғаны үшін келген жұрт ризашылықтарын айтып, қариялар ақ батасын берді.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою