Жыл сайын «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ кәсіподақ комитеті қоғамның техникалық инспекторларының жұмысын назардан тыс қалдырмайды.
Биыл жыл қорытындысы бойынша үздік жұмысы үшін 13 адам алғыс хаттармен марапатталып, материалдық көтермелеу алды.
Кездесу барысында «Павлодар облысының электр жылу энергетикасы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрайымы Светлана Зеленова жиналғандарды мерекелерімен құттықтап, атқарып жатқан жұмыстарына сәттілік тіледі. Өз кезегінде, ГРЭС-2 станциясының кәсіподақ комитетінің төрағасы Сәуле Галеева техникалық инспекторларға белсенді жұмысы үшін алғыс айтып, олардың жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында өте маңызды миссияны атқарып жатқанын атап өтті.