Екібастұз қаласында Естай Беркімбайұлының 155 жылдығына орай ауқымды іс-шара өткізілді.

Халқымыздың музыка байлығы мен сөз байлығы қашаннан-ақ қатарласып өмір сүріп келе жатқан рухани қазына. Жүздеген ақын, әнші, күйші композиторларымыздың қалдырған сарқылмас мұрасы оған дәлел. Бірақ, жазба мәдениеті болмаған кезде өнер иелерінің шығармалары заманнан заманға, атадан балаға ауызша таралып жетті де, кейбіреулері мүлдем ұмытылып, енді біреулері «халық әні», «халық күйі» дәрежесіне көшті. Қазақтың халық музыка өнерінің жүйелі түрде қағазға түсірілуі А.Затаевичтің ерен еңбегінен басталатынын білеміз. Мыңдаған халық музыка үлгілерінің жиналуын былай қойғанда, жүздеген өнер иелерінің өміріне қатысы бар құнды деректер жазылды. А.Затаевичтің жинақтарында есімдері еміс-еміс естілетін әнші, күйшілерді көреміз. Солардың бірі – қазақ өнерінің дара тұлғасы, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Павлодар облысының тумасы Естай Беркімбайұлы.

Өткен демалыс күндері Екібастұз қаласында Екібастұздың 50 жылдығы саябағы алаңында киіз үйлер тігіліп, Естай Беркімбайұлының 155 жылдығына орай ауқымды іс-шара өткізілді.

Мерейтой аясында ұйымдастырылған «Естай деп атым шықты қалың елге» атты Республикалық дәстүрлі әншілер байқауының гала-концерті өтті.

Негізгі концерттік бағдарламадан бөлек әр киіз үйдің алдында ұлттық ойындар ойналып, спорттық жарыстарда жүлдегерлер анықталды. Әртістер өнер көрсетті, жәрмеңкелер өтті.

Екібастұз ГРЭС-2 станциясы тіккен киіз уйде Солнечный кенті әкімдігінің ұйымдастыруымен халыққа бауырсақтар мен палау таратылды.

Осылайша, Естай Беркімбайұлының 155 жылдығын мерекелеу жоғары деңгейде аталып өтілді.

 


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою