2023 жылдың 9 ақпанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері Екібастұз ГРЭС-2 станциясына жұмыс сапарымен келді.
Сапардың негізгі мақсаты білікті мамандарды даярлау, кәсіпорында студенттер үшін тағылымдамалар мен практикаларды ұйымдастыру, бірлескен ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізу бойынша ынтымақтастықты нығайту болды.
Кездесу барысында университет өкілдері станцияның жұмысымен және үшінші энергоблокты орнатуды көздейтін “Екібастұз ГРЭС-2 кеңейту және реконструкциялау” ауқымды жобасының іске асырылуымен танысты.
Сапар қорытындысы бойынша ЖОО мен Екібастұз ГРЭС-2 арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық жоспарлары белгіленді.
Айта кету керек, ғылымды өндіріске біріктіру әрқашан энергетика саласы мен өнеркәсіп үшін өзекті мәселе болды және бола бермек.