“Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-да еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің шешімімен Еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар ретінде 13 кандидатура бекітілді.
Техникалық инспектордың негізгі міндеті заңнамада айқындалған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, әрбір қызметкер үшін белгіленген нормативтерге сәйкес салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға жәрдемдесу болып табылады.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңес Екібастұз ГРЭС-2-де еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қатысуымен тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Жиналыстарда қатысушылар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың негізгі факторларын қарастырады, жарақаттанудың алдын алу мәселелеріне назар аударады, ҚР нормативтік-құқықтық актілеріндегі өзгерістерді талқылайды, еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шараларды әзірлейді.
Мәселен, соңғы кездесулердің бірінде диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары цехының техникалық инспекторы – телефон байланысының станциялық жабдықтарының электромонтері Құдайберген Семенұлы Коломбитовты құрметті демалысқа шығарып салды. Екібастұз ГРЭС-2 Басқарма төрағасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәдениетін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хатымен марапатталды, естелік сыйлық табыс етілді.
Коломбитов Құдайберген Семенұлы еңбек жолын 1995 жылы сәуірде Екібастұз ГРЭС-2-де телефон байланысы мен радиофикацияның желілік құрылыстарының электромонтері болып бастады. 2006 жылдың шілдесінде 4-разрядты электр станцияларының автоматикасы мен өлшеу құралдарын жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі электр слесарі болып ауыстырылды. 2020 жылдың мамыр айында 6-разрядты станциялық телефон байланысы жабдықтарының электромонтері.
Кәсіпорындағы жұмыс кезеңінде Құдайберген Семенович өзін атқарушы, еңбекқор және тәртіпті қызметкер ретінде көрсетті. Біліктілік деңгейі жоғары. Жұмыстың алғашқы күндерінен бастап өзін өз ісінің маманы ретінде көрсетті. Станцияның жас мамандары үшін Құдайберген Семенович тамаша үлгі болып табылады. Білікті жұмысшы ретінде кез-келген қиын жағдайдан шығудың жолын әрдайым біледі. Міндеттерді адал орындайды, үлкен жұмыс көлемін уақтылы және сапалы орындайды.
Электр энергетикасы саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін: “ЕГРЭС-2 ст.” АҚ Құрмет тақтасына 2010 ж., ҚЭА Құрмет грамотасымен – 2016 ж., “Самұрық Энерго” АҚ алғыс хатымен – 2017 ж., “ЕГРЭС-2 ст.” АҚ Құрмет грамотасымен-2021 ж. марапатталды.
Құдайберген Семенұлы станция басшылығы мен әріптестеріне көпжылдық достығы үшін алғыс білдіріп, өздерінің жұмыстары таңдалған жолдағы адалдықтың үлгісі екенін атап өтіп, жұмыскерлерге табыс пен мансаптық өсуді тіледі.
Екібастұз ГРЭС-2-де жұмыс істеуге арналған жылдарыңыз үшін, еңбегіңіз үшін рахмет!
Сіздерге зор денсаулық, үлкен бақыт, сәттілік және барлық игіліктер тілейміз! Сіздерді туған станциямыздың қабырғасында көруге әрқашан қуаныштымыз!