Астанада биылғы жылдың 2 шілдесі күні дәстүрлі түрде Ironman Kazakhstan 2023 өтті. Бұл – дүниежүзі спорт сүйер қауымының назарында болатын ерекше триатлон жарысы.
Жарыс 3,8 км қашықтыққа жүзуден басталып, 180 километрге велосипед тебумен ұласты. Спортсмендердің бойдағы бар күшін салуды талап ететін шешуші дисциплина – марафон жүгірісі — 42,2 км қашықтыққа көзделген.
Ironman эстафетасы – триатлонның үш дисциплинасын команда болып өтетін жарыс түрі. Жеке қатысушы жүгіруден, велосипед тебуден және жүзуден берілген қашықтықты толығымен өзі еңсерсе, мұнда әр қатысушы бір ғана қашықтықты жүріп өте алады.
Осындай командалық Ironman эстафетасына қатысқан «Бірінші жел электр станциясы» ЖШС бас директоры Рашид Есхожин мен «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ Басқарма төрағасының құқықтық мәселелер және тәуекелдерді басқару жөніндегі орынбасары Акенев Еркен Болатұлының көрсеткіштері 6 сағат 4 минут 49 секунд болды.
Ironman Kazakhstan — спорттық жарыс қана емес, белсенді өмір салты мен бәсекелестік рухының мерекесі.