химиялық цехтың 2-санатты жөндеу жөніндегі инженері

Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және санатсыз жөндеу жөніндегі инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Жұмыс бағыты: цехтың жабдықтарды және басқа да негізгі қорларын жөндеудің перспективалық және ағымдағы жоспарларын (кестелерін) әзірлеу, олардың орындалуын бақылау; жөндеу жұмыстарын дайындауды ұйымдастыру, жабдықтарды жөндеу үшін қосалқы бөлшектерге қажеттілікті анықтау, оларды кооперация жағдайында ұйымдастыруды қамтамасыз ету; жабдықтарды жөндеу жұмыстары мен сынақтарын жүргізу кезінде цехтың жөндеу персоналының қызметіне, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және қадағалау қағидаларының сақталуына бақылауды жүзеге асыру; ақаулар тізімдемесін, жөндеу жүргізуге өтінімдерді жасаудың белгіленген мерзімдерін сақтау. Қосалқы бөлшектерге, материалдарға, құрал-саймандарға өтінімдер мен сипаттамалар жасайды, олардың дұрыс жұмсалуын бақылайды.

Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы”АҚ-ға электрондық мекенжайға жіберілсін: ZHRahimzhanova@gres2.kz және 8(7187) 227510(ішкі.388) теелфоны арқылы хабарласу.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою