Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және тиісті бейін бойынша, қауіпсіздік қызметінде, арнаулы мемлекеттік және/немесе құқық қорғау органдарында кемінде 5 жыл практикалық жұмыс өтілі.
Жұмыс бағыты: Қоғам қызметінің қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және бақылау.
Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: TAkylbekov@gres2.kz, және 8 (7187) 227510 (ішкі.401) телефон арқылы хабарласу.