күрделі құрылыс басқармасының күрделі құрылыс бөлімінің 1 – санатты құрылысты қадағалау жөніндегі инженері

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім (техникалық, құрылыс) және 2-санатты құрылысты қадағалау жөніндегі инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл, не сыртқы/ішкі электрмен жабдықтау, жарықтандыру, релелік қорғау және автоматика (РҚА) саласындағы маман лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Жұмыс бағыты: бекітілген жоспарларға және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жобаны іске асыру шеңберінде 3-ші энергоблок объектілерінің құрылысын ұйымдастыру және үйлестіру; күрделі құрылыс жоспарларының орындалу барысына, құрылыс-монтаждау жұмыстарының көлемдеріне, мерзімдеріне және сапасына, сондай-ақ бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың сапасына сәйкестікке бақылауды жүзеге асыру құжаттама, жұмыс сызбалары, құрылыс нормалары, стандарттар, техникалық шарттар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалар; өз қызметі шеңберінде Қоғамда қабылданған заңнаманың, халықаралық БМЖ стандарттарының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау.

Түйіндеме  мен дипломның  көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: DMuzaparov@gres2.kz және байланыс телефондары: 8 (7187) 227510 (ішкі.701), 8 7719374 701.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою