Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және 2-санатты жобалау-сметалық жұмыс жөніндегі инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.
Жұмыс бағыты: жобалық-сметалық құжаттамаға сараптаманы жүзеге асыру, құрылыстағы жобалық құжаттама жүйесіне сәйкес Жобалаушыдан алынатын құжаттамаға өзгерістердің уақтылы енгізілуін қадағалау және бақылау; жобаны іске асыру шеңберінде күрделі құрылыс бойынша объектілерді жобалау үшін бастапқы деректерді дайындау; жобалауға тапсырмалар жасау және оларды жобалау ұйымдарына беру; өз қызметі шеңберінде Қоғамда қабылданған заңнаманың, ЖКС халықаралық стандарттарының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау.
Түйіндеме “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға электрондық мекенжайға жіберілсін: ZhMukhametkaliev@gres2.kz және 8 (7187) 227510 (ішкі.705), 8 7719374 705 тел. бойынша хабарласу.