Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) техникалық және кәсіптік білім (экономикалық, техникалық, қаржылық) және санаты жоқ инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, не жабдықтау саласындағы мамандығы бойынша кемінде 3 жыл.
Жұмыс бағыты:
Қоғамды өндірістік қызмет үшін қажетті сападағы қажетті материалдық ресурстармен уақтылы қамтамасыз ету; материалдық ресурстарға қажеттілікті айқындау негізінде қажетті өндірістік қорларды құру; жеткізушілермен шарттар жасасуға қатысу; жеткізушілердің шарттық міндеттемелерді орындауын бақылау; құжаттаманы ресімдеу.
Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға “Samruk Qyzmet” (www.qsamruk.kz) бірыңғай онлайн рекрутинг платформасында жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірмей жіберілсін және ZHSauranbek@gres2.kz және байланыс телефоны 8 (7187) 227510 (ішкі.474) бойынша хабарласу.