Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі (экономикалық, қаржылық) және материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі экономист (экономист-логистик) лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, не жабдықтау, экономика немесе қаржы саласындағы мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Жұмыс бағыты:
өндірістің тиімділігі мен рентабельділігін, шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға және өнімнің жаңа түрлерін игеруге, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын оңтайлы пайдалану кезінде жоғары түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған ұйымның экономикалық қызметін жүзеге асыру жөніндегі жұмыс.
Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: ZHSauranbek@gres2.kz және байланыс телефоны 8 (7187) 227510 (ішкі.474) бойынша хабарласу.