Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық

Екібастұз ГРЭС-2 станциясы «Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясына белсенді түрде қатысуда. Акцияның басты мақсаты – күнкөрісі төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде көмек көрсету.

«Біздің Станция жобаға белсенді қатысты. Бүгінгі күні жоба аясында Екібастұз қаласы Солнечный кентінің 16 оқушысы 1 миллионнан астам теңгеге киім, аяқ киім және кеңсе тауарлары түрінде материалдық көмек алды. Біздің ұжым өмірде қиын жағдайға тап болған балаларды әрдайым қолдауға тырысады», — деп атап өтті Басқарма төрағасы Кашаганов Булат.

Осылайша энергетиктер әр балаға қамқорлық танытып, көңіл бөліп, мектепке бастар жолы мейлінше қуанышқа толы, бақытты болуына өз үлестерін қосты.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою