Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және маман лауазымдарында мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және маман лауазымдарында мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Жұмыс бағыты: механикалық учаскенің, компрессорлық станцияның, азот-оттегі станциясының жабдықтарын жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру және ЖАЖ кестелеріне сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізуді бақылау, жабдықты қайта жөндеудің алдын алу;
еңбекті ұйымдастыру;
бекітілген жүктеме кестесіне сәйкес электр станциясының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін негізгі және қосалқы жабдықтарды сапалы жөндеуді қамтамасыз ету.
Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы”АҚ-ға электрондық мекенжайға жіберілсін: RNurgazinov@gres2.kz және 8 (7187) 227510 (ішкі.393) телефон арқылы хабарласу.