Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Тиісті мамандық бойынша білімі болмаған кезде өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Жұмыс бағыты: ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүк көтеру тетіктерін пайдалану жөніндегі бригадаға басшылықты жүзеге асыру;
ШҚ жабдықтарын пайдалануды, оларға қызмет көрсетуді және жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, жөндеу жұмыстарын жүргізудің ЖКМ ЖАЖ кестесіне сәйкестігін сақтау.
Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: RNurgazinov@gres2.kz және 8(7187) 227510 (ішкі.393) телефоны бойынша хабарласу.