өндірістіе-техникалық басқарма бастығы

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) кәсіптік, инженерлік-техникалық және/немесе инженерлік-экономикалық білім, тиісті бейін бойынша инженерлік лауазымдардағы жұмысты қоса алғанда, өндірістегі (энергетика саласындағы) жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде тиісті бейін бойынша басшы лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Жұмыс бағыты:

жабдықтардың сенімді және үнемді жұмысын қамтамасыз етуде Қоғамның өндірістік бөлімшелерінің қызметін үйлестіру; Қоғамның өндірістік бөлімшелерінің техникалық ақпаратпен және қажетті техникалық әдебиеттермен уақтылы қамтамасыз етілуін бақылау; жабдықтар жұмысының тиімділігін арттыру, жұмыстың сенімді және үнемді режимдерін енгізу, технологиялық процестерді жетілдіру, жаңа технологиялық процестерді енгізу есебінен Қоғамда еңбек өнімділігін арттыруды қамтамасыз ететін техникалық іс-шараларды әзірлеуді және жүзеге асыруды бақылау, жаңа техниканы ендіру.

Түйіндеме мен дипломның көшірмесін “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға “Samruk Qyzmet” бірыңғай онлайн рекрутинг платформасында жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірмей жолдау (www.qsamruk.kz) және MZhadayhanov@gres2.kz, GAtymtaeva@gres2.kz  және телефон 8 (7187) 227510 (ішкі 467, 337) арқылы хабарласу.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою