Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, жұмыс стажына талап қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және І санатты техник лауазымында жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Жұмыс бағыты: оңтайлы режимдердің сақталуын бақылау, жұмысты талдау және турбиналық жабдықтың пайдалану сипаттамаларын жақсарту мүмкіндіктерін анықтау, турбиналық жабдықтың сенімді және үнемді жұмыс режимдерін әзірлеуге және енгізуге қатысу.