Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және маман лауазымдарында мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және маман лауазымдарында мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Жұмыс бағыты: жылу-механикалық жабдықта жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, ЖАЖ кестесіне сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізуді бақылау, жабдықты қайта жөндеудің алдын алу; бекітілген жүктеме кестесіне сәйкес электр станциясының үздіксіз жұмысын жүзеге асыру үшін негізгі және қосалқы жабдықтардың еңбегін ұйымдастыру және сапалы жөндеуді қамтамасыз ету.
Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға электрондық мекенжайға жіберілсін: YuSamkov@gres2.kz және 8(7187) 227510(ішкі 330) телефоны бойынша хабарласу.