Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл. Тиісті мамандық бойынша білімі болмаған кезде өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Жұмыс бағыты: жоспарлы-алдын алу жөндеу кестелеріне сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және бақылау, жабдықты қайта жөндеудің алдын алу; қыздыру беттерін, электр сүзгілер, гидрокүлжою, бас корпусты жылыту және желдетуді жөндеу тобы персоналының еңбегін басқару, ұйымдастыру; бекітілген жүктеме кестесіне сәйкес электр станциясының үздіксіз жұмысын жүзеге асыру үшін негізгі және қосалқы жабдықтарды сапалы жөндеуді қамтамасыз ету.
Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға жарияланған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей электрондық мекенжайға жіберілсін: YuSamkov@gres2.kz және 8(7187) 227510 (ішкі.330) телефондары арқылы хабарласу.