Орталықтандырылған жөндеу цехының қыздыру беттерін, электр сүзгілер, гидрокүлжою, бас корпусты жылыту және желдетуді жөндеу жөніндегі тобының аға шебері

Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. Тиісті мамандық бойынша білімі болмаған кезде өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 7 жыл.

Жұмыс бағыты: жоспарлы-алдын алу жөндеу кестелеріне сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және бақылау, жабдықты қайта жөндеудің алдын алу; қыздыру беттерін, электр сүзгілер, гидрокүлжою, бас корпусты жылыту және желдетуді жөндеу жөніндегі топ персоналының еңбегін басқару, ұйымдастыру; бекітілген жүктемелер кестесіне сәйкес электр станциясының үздіксіз жұмысын жүзеге асыру үшін негізгі және қосалқы жабдықтарды сапалы жөндеуді қамтамасыз ету; бағынысты персоналды қажетті құжаттамамен, құралдармен, қосалқы бөлшектермен және материалдармен қамтамасыз ету.

Түйіндеме мен дипломның көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға электрондық мекенжайға жіберілсін: YuSamkov@gres2.kz және 8(7187) 227510(ішкі 330) телефоны бойынша хабарласу.


Кері байланыс Қауырт желі ? Сұрақ қою