Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 5 жыл. Тиісті мамандық бойынша білімі болмаған кезде өндірістегі жұмыс өтілі кемінде 7 жыл.
Жұмыс бағыты: жоспарлы-алдын алу жөндеулерінің кестесіне сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру және бақылау, жабдықты қайта жөндеудің алдын алу; арматураны, ТЖЖ, регенерация, ЖҚҚ жөндеу жөніндегі топ персоналының жұмысына басшылық, ұйымдастыру; бекітілген жүктеме кестесіне сәйкес электр станциясының үздіксіз жұмысын жүзеге асыру үшін негізгі және қосалқы жабдықтарды сапалы жөндеуді қамтамасыз ету; бағынысты персоналды қажетті құжаттамамен, құралдармен, қосалқы бөлшектермен және материалдармен қамтамасыз ету.
Түйіндемені “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға келесі электронды мекенжайға жіберу керек: YuSamkov@GRES2.KZ және байланыс телефондары: 8(7187) 299330.