қазан турбиналық цехы бастығының жөндеу жөніндегі орынбасары

Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және маман лауазымдарында мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және маман лауазымдарында мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

Жұмыс бағыты:

жылдық және перспективалық жөндеу жоспарларын әзірлеуді және келісуді ұйымдастыру, қазантурбиналық цехтың жабдықтарында жөндеу жұмыстарының ұйымдастырылуын және сапалы өндірілуін бақылау, жабдықтарды монтаждаудан, жөндеуден қабылдау;

қазандық және турбиналық жабдықтарды реконструкциялауды және жаңғыртуды жүзеге асыру;

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес механизмдер мен объектілерді куәландыруды жүргізу.

Түйіндеме мен Дипломның  көшірмесі “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға электрондық мекенжайға жіберілсін: ESadykov@gres2.kz және  8 (7187) 227510 (ішкі.380) телефон арқылы хабарласу.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою