қазантурбиналық цехтың ауысым бастығы

Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі  және мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 2 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және өндірісті жедел басқару бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Жұмыс бағыты:

1) ҚТЦ  вахта персоналына жедел басшылық жасау және жабдықтың үнемді жұмысын қамтамасыз ету;

2) диспетчерлік кесте өзгерген кезде қазантурбиналық цехтың жабдығын іске қосу, тоқтату, сынау және сығымдау жөніндегі операцияларды орындау, агрегаттар арасында жылу және энергетикалық жүктемелерді бөлу;

3) КТЦ сыртқы коммуникациялар схемаларында ауысу (су, бу, ауа конденсаты және т. б.);

4) Жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.

Түйіндеме мен дипломның көшірмесі «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ-ға электрондық мекенжайға жіберілсін: ESadykov@gres2.kz және  8 (7187) 227510 (ішкі.380) телефон арқылы хабарласу.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою