Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және маман лауазымдарында мамандық бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі және маман лауазымдарында мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.
Жұмыс бағыты: персоналға басшылық жасау және жабдықты пайдалану мен оны жөндеудің технологиялық процесін басқару, цехтың барлық жылу-механикалық жабдықтарының сенімді, апатсыз жұмысын қамтамасыз ету; бекітілген жүктеме кестесіне сәйкес жылу және электр энергиясын өндіруді және босатуды қамтамасыз ету.
Түйіндеме “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ-ға электрондық мекенжайға жіберілсін: GAtymtaeva@gres2.kz және 8 (7187) 227510 (ішкі.337) телефон арқылы хабарласу.