ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары жас энергетиктердің ұсыныстарын тыңдады

Екібастұз ГРЭС-2 жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары Айгүл Нуркина мен Вера Ким жас энергетиктердің ұсыныстарын тыңдады.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде жастар депутаттарға өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алу үшін тікелей жүгінуге мүмкіндік алды, сондай-ақ жас мамандар өндірісте табысқа жеткен өздерінің шабыттандыратын әңгімелерімен бөлісті.

Оларды мұқият тыңдаған депутаттар жас энергетиктердің болашағына бей-жай қарамайтынын атап өтті және олар жастардың өзін-өзі жүзеге асыруға және алған білімдерін энергетика саласын дамытуда одан әрі пайдалануға деген ұмтылысын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Кездесу барысында “Екібастұз ГРЭС-2 станциясы” АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ғалымбек Ауталипов №3 энергоблок құрылысы бойынша кәсіпорынның жұмысы мен ауқымды жобаның іске асырылуы туралы баяндады.


Кері байланыс Ыстық желі ? Сұрақ қою